КІРІСПЕ

0 214

Протокол №__
Зав. кафедрой __________________
 
 
[*] Деловая игра проводится в один день.Мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы. Қазақстанда мал шаруашылығының тарихы мен болашақта дамуы.
Халықты тамақ өнімдерімен, өндірісті шикізатпен қамтамасыз етудегі мал шаруашылығының орны мен ролі.
 
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАЛ ӨСІРУ
2.1 Ауылшаруашылық жануарларының шығу тегі мен эволюциясы
Мал түліктерінің шығу тегі мен эволюциясы. Оларды зерттеудің мәні, міндеттері мен тәсілдері.Ұй жануарларының арғы тегі мен туыстары. қолға үйрету барысында малда пайда болатын өзгерістер. Жаңа мал тұқымдарын шығару мақсатында жабайы түрлерді қолдану. Адам қоғамы дамуындағы мал шаруашылығының маңызы. Мал шаруашылығы мен адам қоғамы дамуының және өндіргіш күштер дамуының арасындағы байланыс, Қазақстан республикасы мал шаруашылығының даму ерекшеліктері.
2.2 Малдың жеке өсіп-жетілуі (онтогенез)
Онтогенез, оның мәні мен маңызы. Өсу және даму (жетілу) туралы түсінік, олардың өзара байланысы. Малдың жеке өсіп — жетілуіне әсер ететін жағдайлар оны зерттеу тәсілдері. Мал дамуының заңдылықтары. Н. П. Чирвинский мен А. А. Малигонов қағидасы. Тежелудің түрлері.Тез жетілгіштік және оның зоотехникалық маңызы. Малдың жыныстық және шаруашылық тұрғыдан жетілуі. Малдың тіршілік ету мерзімі, шаруашылықта пайдалану мерзімінің ұзақтығы.
2.3 Мал сұрыптау және жұп таңдау

Сұрыптау белгілері мен көрсеткіштері. Сұрыптау түрлері. Сұрыптау барысында әсер ететін жағдайлар.Сұрыптау әдістері: фенотипі және генотипі бойынша. Малды дене бітімі, сыртқы пішіні, өнімділігі, ата тегі және ұрпағының сапасы бойынша бағалау Жұп таңдау түрлерін жіктеу және олардың сипаттамасы. Гомогенді және гетерогенді жұп таңдаудың мақсат -міндеттері, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары, кемшіліктері.
2.4 Мал тұқымы туралы ілім
Тұқым туралы түсінік. Мал тұқымы — ауылшаруашылық жануарлары эволюциясының негізгі нәтижесі ретінде. Тұқымның тұрақтылығы мен өзгергіштігі, оның таралу аймағы. Тұқымның құрылымы. Тұқымды жақсарту жолдары мен әдістері. Нарық экономикасында бәсекелесе алатын жаңа мал табынын тұқымын, тобын, типін шығару мәселелері.
2.5 Мал өсіру әдістері
Мал өсіру әдістері туралы түсінік және оларды жіктеу. Таза тұқым өсіру, оның мақсаты мен міндеттері, қолдану шарттары. Аутбридинг пен инбридинг туралы түсінік және оларды селекцияда қолдану. Пуш әдісі бойынша инбридингті жіктеу. Инбредтік депрессия, оның туындау себептері, зиянды салдарымен күресу шаралары. Аталық із және аналық ұя бойынша өсіру, олардың мақсаты мен міндеттері.
Будандастыру, оның мәні мен биологиялық ерекшеліктері. Будандастыру үшін таңдап алынатын тұқым мен шаруашылық жағдайларының маңызы. будандастыру әдістемесін жасау оған қатысатын мал тұқымдарының қан үлесін анықтау жолдары. Будандастыру түрлері: кіріспе, сіңіре, зауыттық, өнеркәсіптік, кезек жэне генетикалық ерекшеліктері, мақсаты мен міндеттері.Гибридтеу туралы түсінік. Жануарларды гибридтеу арқылы шешілетін зоотехникалық мәселелер.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫ

2.6 Ірі қара мал шаруашылығы
Ірі қара мал шаруашылығының маңызы, оның Қазақтсан Республикасында және шетелдегі қазіргі жағдайы мен келешектегі даму жолдары.
Ірі қара малдың быологиялық және өнімдік ерекшеліктері
Ірі қара малдың сүт және ет өнімділігі, оларға әсер етуші жағдайлар. Сүт және ет өнімділігін есептеу мен бағалау әдістері.
Негізгі жоспарлы ірі қара мал тұқымдары
Ірі қара мал тұқымдарын жіктеу. Қазақстанда өсірілетін ірі қара мал тұқымдарының сипаттамасы мен қазіргі кездегі жағдайы:
a) сүтті өнім бағытындағы — әулиеата, қырдың қызыл, латыштың қоңыр сиырлары;
б) қос өнімді- алатау, швиц, симментал;
в) етті бағыттағы — қазақтың ақбас, әулиекөл, герефорд, галловей, санта — гертруда, аббердин-ангус, қалмақ сиырлары.
Ірі қара мал тұқымдарын асылдандыру негіздері
Ірі қара мал шаруашылығындағы асылдандыру жұмысының мәні мен міндеттері. Сүтті және етті сиырларды бағалау және сүрыптау ерекшеліктері мен әдістері. Малдарды кейбір ауруларға нәсілдік беріктігі, қарсы түру қабілеті бойынша селекциялау. Сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру. Зоотехникалық есеп жүргізу, мал таңбалау. Бонитировкалау мен малдарды класқа бөлу принциптері. Ірі қара мал шаруашылығында жұп таңдау,

Табынды толықтырудың және төл өсірудің зоотехникалық неіздері
Жыныстық және шаруашылық жетілу. Ірі қара мал шаруашылығында ұрықтандыру және бұзаулату жұмыстарын жоспарлау. Аталық бұқалар ұрығының сапасын тексеру. Сиырлардың қысыр қалуы мен іш тастауының алдын алу шаралары. Дені сау төл алу және оларды аман сақтаудың алғы шарттары. Табының құрылымы мен айналымы.
Сиыр етін және сүт өндіру технологиясы
Сиыр етін және сүт өндіруді ұйымдастыру және оның технологиясы. Сүт кешендерінде өсірілетін малға қойылатын талаптар. Мемлекеттік және жеке меншік, фермерлік шаруашылықтарда ірі қарамалды бордақылау мен жайып семірту.
2.7 Қой шаруашылығы
Қой шаруашылығы — Қазақстанның дәстүрлі саласы, оның маңызы мен қазіргі жағдайы, республикада және шетелдердегі даму жолдары.
Қойдың биологиялық және өнімдік ерекшеліктері
Қойдың биологиялық және өнімдік ерекшеліктері. қойдың өнімділік түрлері. қойдың жүн, ет, сүт өнімділігі, олардың негізгі көрсеткіштері, есептеу және бағалау әдістері. өнім өндіру технологиясы мен оның сапасын арттыру жолдары.
Негізгі жоспарлы қой тұқымдары
қой тұқымдарын жіктеу. Әр түрлі өнім бағытындағы тұқымдардың сипаттамасы мен қазіргі жағдайы:
а) биязы жұнді- қазақтың арқар-мериносы, оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ мериносы;
б) биязылау жұнді — дегерес етті- жұнді құйрықты, қазақтың етті- жұнді, батыс қазақстандық, шығыс, оңтүстік — шығыс етті — жұнді топтары;
в) ұяң жүнді – ақтөбе, қарғалы, дегерес қойлары;
г) қылшық жүнді — еділбай, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, сарыарқа қаракөл қойлары.
Қой шаруашылыгында тұқым асылдандыру негіздері
қой шаруашылығында асылдандыру жұмысының мәні мен міндеттері. әр түрлі өнім бағытындағы қойларды бағалау және сұрыптау әдістерінің ерекшеліктері. қойларды кейбір ауруларға нәсілдік беріктігі, қарсы түру қабілеті бойынша селекциялау. Зоотехникалық есеп пен қой таңбалау. қойды бонитировкалау мен топтастыру. Қой өсіру әдістері.
Отарды толықтыру мен төл өсіру
қойдың жыныстық және шаруашылық жетілуі. қойды күйекке дайындау. Ұрықтандыру әдістері. Отарды толықтыруды. Қой төлдетуді ұйымдастыру шаралары. Қозыларды енесінен бөлу, саулық отарларын құру. Қой отарының құрылымы мен айналымы.
Қой шаруашылыгы өнімдерін өңдіру технологиясы
Қой шаруашылығы өнімдерін жеке шаруашылықтарда өндіру технологиясының зоотехникалық және экономикалық негіздері мен оның қазіргі жағдайы. Қойды бағып – күту жүйесі. Қой бордақылауды ұйымдастыру.
2.8 Шошқа шаруашылығы
Шошка шаруашылығының маңызы, оның Қазақстан Республикасында және шетелдегі қазіргі кездегі жағдайы мен келешектегі даму жолдары.
Шошқаның биологиялық әјне өнімдік ерекшеліктері
Әр түрлі өнім бағытындағы шошқаның қондылығы мен етке тапсыру категориялары. Шошқаның биологиялық және өнімділік ерекшеліктері. Шошқаның еттілік және еттілік -майлылық қасиеттерін бағалау әдістері.
Негізгі жоспарлы шошқа тұқымдары
Шошқа тұқымдарының өндірістік жіктелуі. Шошқа типтері: етті (беконды), әмбебап (универсалды) және майлы түрлері. Шошқа тұқымдарының сипаттамасы мен қазіргі кездегі жағдайы — ірі ақ, украинаның далалық ақ, эстонның беконды, жетісу, ақсай шошқалары.
Шошқа шаруашылығында тұқым асылдандыру негіздері
Шошқа шаруашылығындағы асылдандыру жұмысының мәні мен міндеттері. Шошқаны кейбір ауруларға нәсілдік беріктігі, қарсы түру қабілеті бойынша селекциялау. Бонитировкалау мен шошқаларды класқа бөлу. Шошқа өсіру әдістері. Шошқа шаруашылығындағы гибридтеу.
Табынды толықтыру және төл өсіру
Шошқаның жыныстық және шаруашылықтық жетілдіруі. Шошқаны ұрықтандыру мен торайлауын ұйымдастыру. Торайлау және жаңа туған торайларды бағып — күту гигиенасы. Табынды толықтыруға және бордақылауға арналған торайларды енесінен бөлу және өсіру. Шошқа табынының құрылымы мен айналымы.
Шошқа етін өндіру технологиясы
Шошқа етін өңдіру технологиясының зоотехникалық және экономикалық негіздері мен оның негізгі жағдайы. Шошқа өсіру, бордақылауды ұйымдастыру мен оның технологиясының негіздері.
2.9 Құс шаруашылығы
Құс шаруашылығының маңызы. Қазақстан Республикасында және шетелдегі қазіргі кездегі жағдайы мен келешектегі даму жолдары.
Құстың биологиялық және өнімділік ерекшеліктері
Құстың айрықша өнімділік түрлері, ерекшеліктері. Жұмыртқа өнімділігі, оның көрсеткіштері, есептеу және бағалау әдістері. Әр түрлі құстардың жұмыртқалағыштығы. Ет өнімділігі, негізгі көрсеткіштері, бағалау әдістері. Әр түрлі құстардың еттілік қасиеттері.
Құс тұқымдары мен кросстары
Құс тұқымдары мен кросстарын жіктеу оның сипаттамасы мен қазіргі жағдайы:
a) жұмыртқалағыш — леггорн, орыстың ақ, алатау кроссы.
б) етті-плимутрок, корниш, бройлер -6.
Күркетауық: солтүстік — кавказдық ақ. кең төсті ақ, қола түсті. Қаз: холмогор, ірі көк. Ұйрек: пекин, айна, медеу кроссы.
Құс шаруашылыгында тұқымаыслдандыру негіздері
Құс шаруашылығында асылдандыру жұмысының мәні мен міндеттері және оны ұйымдастыру. Құстарды кейбір ауруларға нәсілдік беріктігі, қарсы тұру кабілеті бойынша селекциялау. Құсты бонитировкалау. Құс өсіру әдістері. Құс шаруашылығында аталық іздер мен кросстар шығару.
Құс жұмыртқасы мен ет өндіру технологиясы
Өнеркәсіптік және жеке құс шаруашылығын ұйымдастыру қағидалары. құсты бағып-күтудің жүйесі мен жолдары. Тамақтық және инкубациялық жұмыртқа өңдірудің негізгі технологиялық принциптері. Бройлер, күркетауық, қаз, ұйрек етін өндіру технологиясы.
2.10 Жылқы және тұйе шаруашылыєы
Жылқы шаруашылығы — қазақстанның дәстүрлі саласы, оның маңызы мен қазіргі жағдайы, республикада және шетелдегі даму жолдары.
Жылқының сыртқы пішіні, және биологиялық ерекшеліктері
Әр түрлі өнім бағытындағы жылқылардың сыртқы пішінінің ерекшеліктері ондағы кездесетін ақаулар мен кемшіліктер. Түр-түсі белгілері мен ен-таңбаларын, жылқы селекциясында пайдалану.
Негізгі жоспарлы жылқы тұқымдары
Жылқы тұқымдарын жіктеу. Әр түрлі өнім бағытындағы тұқымдардың сипаттамасы мен қазіргі жағдайы:
а) салт міністі және мініс — жегіс -ақалтеке, таза қанды салт-міністі, дон, қостанай;
б) желгіш — орлов, орыс желгіші;
в) ауыр жұк тартатын — орыс, владимир;
г) өнімдік -жабы, адай, көшім жылқылары.
Жылқы шаруашылығында тұқым асылдандыру негіздері
Әр түрлі өнім бағытындағы жылқы шаруашылығында асылдандыру жұмысының мәні мен міндеттері. Жылқыны бағалау, сұрыптаудың және жұп таңдаудын ерекшеліктері мен әдістері. Жылқыны бонитировкалау. Жылқы өсіру әдістері.
Ұйірді толықтыру мен төл өсіру
Жылқының жыныстық және шаруашылықтық жетілуі. Биені ұрықтандыру жолдары мен техникасы. Буаз, сауын биелер мен айғырлларды бағып — күту және пайдалану. Тренинг және жылқы тренингі мен сынағы.
Жылқыларды пайдалану
Жылқының жұмыс өнімділігін сипаттау және есептеу. Биелердің сүт өнімділігі, оны бағалау мен есептеу. Қымыз өндіру технологиясы. Жылқының ет өнімділігі, оны бағалау мен есептеу. Жылқыны ат спортының ұлттық ойындарында, ат туризмінде және коғамдық тәртіпті сақтауда пайдалану.
Тұйенің сыртқы пішіні, биологиялық және өнімділік ерекшеліктері. Тұйе тұқымдары. Тұйе шаруашылығындағы гибридтеу. Тұйелерді пайдалану.
 
3 Зертханалық сабақ тақырыптарының тізімі
1.Дене мөшелерін сипаттау және бой өлшемдерін алу. Тұлға индекстерін анықтау
2.Малдың өсіп жетілуін анықтау әдістері
3.Малды ата — тегіне қарай бағалау
4.Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау
5.Жұптастырудың сәйкестігін талдау
6.Сиырдың сүттілігі мен ет өнімділігін анықтау
7.Қойдың жұн өнімділігін аныктау және бағалау
8.Шошқаны бордақылау түрлері
9.Ауыл шаруашылығы құстарының жұмыртқа өнімділігі
10.Жылқының сүттік, жұмыс өнімділігі
 
4 Тәжіриебелік сабақ тақырыптарының тізімі
1. Әр түрлі ауыл шаруашылық жануарларының сыртқы пішіні мен дене бітімің бағалау әдістері
2. Асыл тұқымдық жұптастыру
3. Мал өсіру әдістері
4. Мүйізді ірі қараның биологиялық ерекшеліктері
5. Мүйізді ірі қараның тұқымдары мен олардың ерекшеліктері
6. Қойдың биологиялық ерекшеліктері. Қой тұқымдары
7. Шошқаның биологиялық ерекшеліктері. Шошқа тұқымдары
8. Ауыл шаруашылығы құстарының сыртқы пішінінің ерекшеліктері. Құс тұқымдары мен кросстары.
9. Жылқының сыртқы пішіні мен дене бітімінің ерекшеліктері. Жылқы тұқымдары
10.Тұйенің сыртқы пішіні мен дене бітімінің ерекшеліктері. Тұйе тұқымдары
5 Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыбы
1 Мүйізді ірі қара тұқымдарын шығару әдістері және оларды сипаттау.
2 Қой тұқымдарын шығару әдістері және оларды сипаттау. 3 Жылқы тудымдарын шығару әдістері және оларды сипаттау.
4 Шошқа тұқымдарын шығару әдістері және оларды сипаттау.
5 Ауылшаруашылығы құс тұқымдарын шығару әдістері және оларды сипаттау.
6 Жылқының жұмыс өнімділігін сипаттау және есептеу.
7 Биелердің сүт өнімділігі, оны бағалау мен есептеу. Қымыз өндіру технологиясы.
8 Жылқының ет өнімділігі, оны бағалау мен есептеу. Жылқы етін өндіру технологиясы.
9 Жылқыны ат спортында, ат спортының ұлттық ойындарында, ат туризмінде және қоғамдық тәртіпті сақтауда пайдалану.
10 Тұйе шаруашылығындағы гибридтеу. Тұйелерді пайдалану.
11 Бройлер, күркетауық, қаз, үйрек етін өндіру технологиясының негіздері.

Войти с помощью: 
Подписаться
Уведомление о
guest
0 Комментарий
Встроенные отзывы
Посмотреть все комментарии
0
Будем рады вашим мыслям, пожалуйста, прокомментируйте.x
()
x